“Сұңқар” халықаралық трамплиндер кешені

Бірегей нысан 2010 жылы салынған. Бұл кешеннің көлемі 28163 шаршы метр, мінбеде 5200 орындық бар.

Екі аймақтан тұрады – біріншісі халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізетін аймақ, екіншісі оқу-жаттығу өткізетін аймақ. Бұдан бөлек мұнда бес трамплин бар: халықаралық деңгейдегі К-125 тұғыры (әлем бойынша көп кездесе бермейтін ең үлкен трамплиндердің бірі), К-95(әлем бойынша 300 ғана) және балаларға арналған — К-60, К-40, К-20 тұғырлары.
Бұл әмбебап тұғырлар, мұнда қарда ғана емес жасанды төсенішпен сырғанап, секіруге де болады. Төрешілер блокы, аспалы жол, паркинг, медиа орталық, қажеттінің барлығы бар.

Ойындар кезінде трамплин, тұғырдан секіру жарыстарын қабылдайды.

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Аль-Фараби даңғылымен оңтүстікке қарай.