Аккредитация

Тақырыбы: 2017 жылғы қысқы Универсиада – өтініштердің сандық формасын тіркеу туралы хабарламалық хат

Құрметті ханымдар мен мырзалар,

Сіздерге бүгінгі күннен бастап, өз Сандық өтінімдеріңізді онлайн тіркеу жүйесі арқылы жібере алатындарыңызды хабарлауға қуаныштымыз.

https://apps.st-software.com/winteruniversiade2017

Сіздер жалпы тіркеу үшін «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ жіберген қолжетімділік параметрлерін пайдалануларыңыз керек. Егер сіз кіру мәліметтерін алмаған немесе жүйеге кіруде қиындыққа ұшыраған жағдай болса, онда ұйымдастыру комитетінің дирекция делегациясының сервисіне хабарласуды сұраймыз.

Сандық өтінімдер бөліміне өтіп, жүйеге кіру кезінде қолжетімділікті тіркеудің осы кезеңі үшін мәліметтерді қалай толтыру және жіберу туралы қадамдық нұсқаулық. Нұсқаулықты жүктеу үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы сұрақ белгісі көрсетілген батырманы іздеңіз. Нұсқаулық ФИСУ экстранетінде де қолжетімді. Біз осы хатта сандық өтінімдерді тіркеу кезеңі бойынша бірнеше маңызды ескертулерді көрсетеміз.

Сандық өтінім формасын тіркеу – деректерді енгізу

Жүйеге кіргеннен кейін  Сандық өтінімдер формалары сілтемесін басыңыз , оны сол ашылатын сол жақ мәзірден табуға болады, ол делегация құрамындағы лауазымдық тұлғалардың максималдық санын баяндап, қысқы Универсиада нормативтеріне сәйкес атлеттер мен төрешілер саны туралы түсінік береді.

Егер делегация ресми өтінімде рұқсат етілгеннен басқа лауазымдық тұлғалардың артық санын енгізгісі келсе, онда ресми өтінім сандық формаларды тіркеудің соңғы уақыты аяқталғанға дейін ФИСУ-ға (winter.universiade@fisu.net) ұсынылуы керек. Сіз оң жақта үш салманы көресіз: Q1 – Мұзды спорт түрлері, Q2 – Қысқы спорт түрлері, Q3 – лауазымдық тұлғалар.

Әрбір формаға қатысушылар санын толтырыңыз. Бір спортшының спорттың бір түрінен басқа түрлеріне де қатыса алатындығына назар аударыңыз, соңғы мәліметтер автоматты түрде есептелінбейді, сізге соңғы мәліметтерді қолмен енгізу керек.

Сіз бірінші салымнан үшінші салымға ауысқан кезде, жүйе автоматты түрде соңғы өзгертулерді сақтайды. Сондай-ақ сіз жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Сақтау» түймесін басып, сақтай аласыз.

Экспорт және есеп функциялары

Сіз «Сақтау түймесінің жанында орналасқан «Экспорт түймесін басу арқылы Q формасын экспорттай аласыз. Сіз бірінен кейін бірін тек бір Q-форманы ғана экспорттай алатыныңызға назар аударыңыз, Q1 сілтемесін басып, содан кейін бірінші форманы экспорттау үшін «Экспорт» түймесін басу керек, және басқа формалар үшін де дәл осы әрекеттер жасалады.

Осы үш есепке қосымша сіздің өз делегацияңыз үшін қорытынды есепті жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз, ол спорттың әр түрінің атлеттерінің жалпы санын көрсетеді.

Сандық формаларды тіркеу кезеңі ресми түрде 2016 жылдың 29 қыркүйегінде ресми түрде жабылады. Сіз осы күннен кейін Сандық формалардың есебін деректер жүйесінен қандай да бір өзгерістерсіз экспорттай аласыз.

Сіз жазбалардың сандық формаларының негізінде ұйымдастыру комитетінен жеке спорттық депозит (қатысу құнының 25%) үшін шот-фактура аласыз. Шот-фактура WU2017 ашылу салтанатына дейін (1) ай бұрын және ең кеш уақытқа (2016 жылдың 29 желтоқсаны) дейін төленуі керек.

Біз сіздің делегацияңыздың мүшелері табысты тіркелуін қамтамасыз ету үшін және жүйені қолдану кезінде сізге керек болуы мүмкін кез-келген көмек көрсету үшін сіздің қарауыңызда болуға қуаныштымыз.

Құрметпен,

«Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ.

Q Entry notification letter WU2017 Almaty

EMS_QuantitativeEntryForm