Универсиада 2017

Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиада

Универсиада – Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) қамқорлығымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорттық жарыстар. Жарысқа қатысуға 17-28  жастағы аспиранттар, студенттер және Универсиада алдында бітіретін түлектер жіберіледі.

4

Қазақстан Унивесиадаларға 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар арасында жарыстарға 700 спортшы қатысып, 125 медаль жеңіп алды.

2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы қабылдайтын қала деп жариялады. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып қысқы Универсиада өткізеді.

НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР:

2017 жылғы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағанбетов басқарады. Ұйымдастыру комитеті 2017 жылғы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті іс-шаралардың жүзеге асуына бақылауды жүзеге асырады.

2017 жылғы қысқы Универсиаданы Қазақстанда өткізудің бастамашысы болып Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) мүшесі ретінде ҚР студенттік спорт Федерациясы болып табылады. Қазақстанның ұлттық федерациясын профессор Қайрат Закирьянов басқарады.

Алматы қаласында 2017 жылғы Универсиаданы жүргізу жөніндегі дирекция құрылды, ол жарыстарды өткізуге дайындық барысына ағымды бақылауды жүзеге асырады. Дирекцияны Наиль Нуров басқарады.

5

Алматы қаласындағы қысқы Универсиада жарыстарына әлемнің 55-тен астам елінен 2000 спортшы қатысады. Универсиада өтетін кезеңде 3000 ерікті, соның ішінде шет елден және ел өңірлерінен келген еріктілер жұмылдырылады. Шамамен 30 мың шетелдік қонақтар мен туристтер келеді деп күтілуде.

2

Болжамды телеаудиторияның саны 1 миллиардты құрайды деп жоспарлануда. Хабар тарату әлемнің 80 елінде жүргізілетін болады.

2015 жылғы қараша айындағы мәліметтер бойынша Универсиаданың жалпы операциялық бюджеті екі есе оңтайландырылды және 17 млрд. теңгені құрайды.

СПОРТ ТҮРЛЕРІ:

2017 жылғы қысқы Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтеді:

Биатлон;
Таушаңғы спорты;
Кёрлинг;
Конькимен жүгіру спорты;
Шаңғы қоссайысы;
Шаңғы жарысы;
Шаңғымен трамплиннен секіру;
Сноуборд;
Мәнерлеп сырғанау;
Фристайл;
Шайбалы хоккей;
Шорт-трек.

СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР:

Жарыстар 8 спорттық нысанда өтеді:

«Шымбулақ» таушаңғы курорты
«Медеу» мұз айдыны
«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы
«Алатау» шаңғы және биатлон кешені
«Табаған» спорттық ойын-сауық кешені
Алматы арена
Халық арена

Универсиада өтетін 8 спорттық нысанның екеуі Универсиада үшін арнайы салынған, олар: Халық Арена мен Алматы Арена.

Сондай-ақ, ойындарға арналып, қысқы Универсиада тарихында алғаш рет Атлеттер қалашығы салынуда.

Барлық жаңа нысандардың құрылысы мерзімінен екі ай бұрын аяқталды.

Универсиада нысандары бойынша қазқамту үлесі  60%-ды құрап, 4200 жұмыс орнының ашылуына түрткі болды.

Құрылыс жұмыстарын жүргізушілер толықтай қазақстандық компаниялар.

УНИВЕРСИАДА РӘМІЗДЕРІ:

Универсиада-2017-нің «Қанатыңды кең серпі!» деген ұраны жас спортшыларды ересектер спортының шыңдарына шығуға жігерлендіреді.

Универсиаданың кез келген логотипінде FISU-дың қамқорлығымен өтетін кез келген спорттық шараның фирмалық символикасының міндетті элементі болып табылатын U латын әрпінің бейнесі болу керек.

Logo without circle

Қысқы Универсиада-2017 логотипі стильденген қанаттар түрінде бейнеленген және анық көрсетілген серпінді пішіні бар: солдан оңға қарай жоғары. Ол дамудың, сондай-ақ шыңдарға жетудің белгісі.

Универсиада алауы:

Рисунок3

Қысқы Универсиада-2017-нің бойтұмары болып жылдамдық пен көкке асқақтауды, жеңілдікті, қуатты және жеңіске құштарлықты – нағыз жас спортшыларға тән қасиеттерді бейнелейтін қазақ даласының ежелгі ерікті және қайратты мекендеушісі жас Сұңқар таңдалды.

mascot_with-the-torch

Универсиаданың марапат медальдары классикалық стильде алтын, күміс және қолаға ұқсайтын металл қорытпасынан жасалған. Ол қазақстан Теңге сарайында шеку тәсілімен, түрлі-түсті эмаль қолданып дайындалған. Муар лентасына Универсиаданың логотипі қондырылған. Медальдің бет жағында FISU-дің (Халықаралық студенттік спорт федерациясы) логотипі Ойындардың атауы және өтетін орны бейнеленген. Сырт жағында – Универсиаданың логотипі.

Рисунок2