Еріктілер

Ерікті болу абыройлы іс!
Кейде еріктілердің кім екендігіне, бұл атаудың қайдан шыққандығына мән  бермейміз. Алайда, бұл атау француздың ерікті (волонтер) деген сөзінен шыққан. Еркітілер риясыз жан-жағын қоршаған адамдарға көмек қолын созып, сол үшін ақы сұрамай, қоғамның ризашылығына бөленетін кең пейілді адамдар.
Бұл орайда, қазақ халқының ежелден келе жатқан көптеген өнегелі дәстүрлерінің бірі – «асар» туралы атап өткен жөн. Аталған дәстүр бойынша, ауыл халқы бірігіп, қиын жағдайға түскен ауылдасының жанұясына көмектеседі. Осылайша, бұл дәстүрді халқымыздың ұжымдасып, ақысыз негізде қиын жағдайға түскен адамдарға демеушілік көрсетудің ғажап үлгісі деп атап өту керек.
Бүгінгі күні еріктілікті ата-бабаларымыз мирас қылып қалдырған «асар» салтының жалғасы деп білген абзал. Осылайша, еріктілік қозғалысының түп тамыры  Қазақ елінің терең тарихымен сабақтасып жатқандығын байқаймыз.
2017 жылғы 28 қаңтар мен 8 ақпан күндері аралығында еліміздің ару қаласы Алматыда 28 Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді. Аталған шараға, 3000-нан астам отандық және шетелдік еріктілер қатыспақ!