Алматы

Қазақстан Президенті өзінің халыққа жолдауында, 2020 жылға дейін ел тұрғындарының 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысу керектігін міндеттеген болатын. 2017 жылы Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары өтеді. Бұл отандық спорттың әлемдік деңгейге көтерілгенін айқын аңғартады.

АЛМАТЫНЫҢ ТАРИХЫ

Алматы– Республиканың оңтүстік-шығысында Іле Алатауының баурайында c4070ae41a73e92ccd61f10c4d1436ec орналасқан Қазақстанның ең үлкен қаласы.

Қазіргі Алматының ең алғашқы тұрғындары – сақтар мен үйсіндер. Х ғасырдың өзінде Алматы мыңға жуық адам тұратын, қолөнер мен  сауданың орталығына айналды. Қала Ұлы Жібек жолының Тянь-Шань бөлігіне кірді. Археологтар керамикалық бұйымдарды, ежелгі ұсталардың шеберханаларын және ХІІІ ғасырға жататын «Алмату» деген жазуы бар күміс теңгелерді тапты.

1854 жылы Кіші Алматы көлінің жанына форт салынып, «Верный» аты берілген. 1921 жылдың 5 ақпанында Верный қаласының аты Алма-Ата деп өзгертілді. Сол жылы қала Қазақ ССР-нің астанасы болып жарияланды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Алматыға республикалық маңызы бар қала статусы берілді.

2016 жылы Алматы 1000 жылдық мерейтойын атап өтеді. ЮНЕСКО-ның 38-ші Бас конференциясында ЮНЕСКО-ның 2016 жылдағы мерейтойлық және атаулы күндерінің қатарына қаланың 1000 жылдығын атап өту ресми түрде қосылды.

Биылғы жылы Алматы қаласында 100-ден аса түрлі мерекелік шара ұйымдастырылу көзделіп отыр.

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАСЫ

Алматы – бұл Қазақстанның қаржылық, экономикалық, мәдени орталығы. Алматыда экономиканың динамикалық тұрақты өсуі арқасында 2014 жылы ЖІӨ өндіру көлемі 20 пайызға жетіп, 8 трлн. теңгені құрады.Алматының экономикасының негізгі тетіктері өнеркәсіп және ауыл-шаруашылығы. Қала халқының жұмыспен қамтылу көрсеткіші 92,2 %-ды құрайды.

ҚАЛА ХАЛҚЫ

Қала халқының саны 1,5 миллионға жуық. Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша, шахар тұрғындарының орта жасы 33-34 құрайды. Алматыда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.

ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қала сегіз ауданнан тұрады: Алмалы, Алатау, Медеу, Бостандық, Түркісіб, Әуезов, Жетісу және Наурызбай.
Алматыда метро желістері, қоғамдық көлік маршруттары, екі теміржол вокзалы (Алматы-1 және Алматы-2) бар.
Қазақстандағы ең ірі әуежай Алматы қаласында. Ол елдегі ішкі және сыртқы Әуетасымалынан бірінші орын алады. Бір жылда Алматы әуежайы 4500000 адамды қабылдайды. Күніне 220 рейстерді жүзеге асырады.
Алматыға келген меймандарды қабылдайтын 250-ден астам қонақүйлер бар.

ҚАЛАНЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ

Алматы – жасыл желекке оранған, шуақты, кең көшелері мен әсем ғимараттары мен көптеген саябақтарға бай қала. Қаланың 150 жылдық тарихы оның көптеген ғажайып мәдени – тарихи ескерткіштері мен тарихынан, қаланың контрасты сәулетінде ескі сәнмен салынған ғимараттардан бастап жаңа үлгідегі биік кешендерінен көрінеді. Алматыда республикалық және жергілікті мәнге ие 126 сәулет ескерткіші бар. Ең көне ғимараттар ретінде Абай атындағы опера және балет театры (1936-1941 ж), Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы (1930 ж), Үкімет үйі (1951-1957 ж) т.б. айтуға болады.
Еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласының атауы алма жемісімен байланысты. Алманың төресі – апорт Алматы шаһарының белгісі. Алматы аппортының салмағы 350 грамм, кейде 400-900 грамм болып жатады.

АЛМАТЫ – 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастырушы қала

Қазір Алматы қаласы 2017 жылғы қысқы Универсиаданы қабылдауға дайындықтарын жүргізіп жатыр. Қалада үш бірдей спорт нысанының құрылысы жүруде. 2016 жылдың күзіне дейін 5000 адамға арналған Атлетикалық қалашық, 12 мың орындық Мұз сарайы және сыйымдылығы 3 мыңдық Мұз аренасы пайдалануға берілмек.
Алматы аталған шараларды бірінші рет қабылдағалы жатқан жоқ. 2011 жылы алып шахарда 7-ші қысқы Азия ойындары өткен. Сол уақытта Азиядаға арналып «Сұңқар» трамплиндер кешені мен «Алатау» шаңғы-биатлон стадионы салынған болатын. Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен болатын. Барлық спорт нысандары еліміздің негізгі инфрақұрылымдарына жатады.

Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты: http://almaty.gov.kz/page.php?lang=1