Функционалды бағыттар

Универсиада өтетін кезеңде еріктілер тобы функционалды бағыттары бойынша сегіз спорттық нысандарда, әуежай мен Алматы қаласының қонақүйлерінде қызмет атқарады.

1. Делегациялармен жұмыс істеу және лингвистикалық қызмет көрсету – Ағылшын тілінде немесе өзге тілдерде еркін сөйлейсің бе? Олай болса, онда бұл қызмет сен үшін! Ерікті-хатшы, ерікті-аудармашы қызметтері тек қана лингвистикалық дайындықты қажет етпейді, сондай-ақ қаланы жетік білу, сабырлық пен біліктілікті талап етеді. Ең бастысы, Алматыға келетін мыңдаған меймандарға көмек қолын созуға ниетін болғаны абзал!

2. Орналастыру – Универсиада уақытында қонақтарды қарсы алу кезінде, «Орналастыру» қызметінің еріктілеріне баса мән беріледі. Қонақүй нөмірлерін тіркеу, жайғастыру, ресепшнде жұмыс істеу – аталған бағыттағы еріктілердің тікелей міндеті. Ағылшын тілін меңгерген, адамдармен тез тіл табыса кететін, ақжарқын және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары азаматтар – бізге қажетті кандидаттар. Іріктеуден өткен еріктілер қонақүйлер мен Атлеттер қалашығында қызмет атқарады.

3. Хаттама – Аталған бағыттағы еріктілер Универсиада уақытында ресми кездесулерді өткізуге жұмылдырылады. Іріктеуден өткен еріктілер үшін өзі білетін шетел тілдерін машықтырып, лауазымды қонақтар мен спортшылармен кездесуіне мол мүмкіндік туады.

4.  Аккредитация – Аккредитациямен айналысатын еріктілердің жұмысы да өте маңызды. Олардың жұмысына деген ыждихаттылығының арқасында жарысқа қатысатын спортшылар мен олардың жаттықтырушылары, VIP-қонақтар  аккредитациядан өз уақытылы өтуіне мүмкіндік алады.

5.   Қонақтардың келуі мен кетуі – Сырттан келетін қонақтар дәл осы бағыттағы    еріктілер тобымен бірінші болып танысады. Өйткені олар меймандарды әуежай мен вокзалдардан қарсы алады. Тек күтіп алып қана қоймай, оларға кедендік құжаттарды толтыруға, жүктерін тасымалдауға қол ұшын береді.

6.  Транспорт (Көлік) Бұл бағыттағы еріктілер Универсиада кезінде қонақтарды бір бағыттан екінші бағытқа көліктермен тасымалдау кезінде жұмылдырылады. Бұл қызметтің жұмысы өте маңызды. Көліктің келуі мен кетуін бақылау, спорт нысандарында көлік тұрағын қадағалау ісі мұның барлығы осы қызметтегі еріктілердің жұмысы. Бұл бағыттағы еріктілер ашылу салтанатын тамашалап қана қоймай, жабылу салтанаты мен спортшыларға жүлде табыстау салтанатында өз көзімен көріп, атсалыса алады. Аталған бағыттағы жұмыс көп күшті қажет етеді. Сондықтан үміткер физикалық тұрғыда мықты болғаны абзал. Сондай-ақ аса мұқияттылық пен жауаптылықты қажет етеді.

7.  Тамақтану – Аталған бағытта қызмет атқаратын еріктілер Универсиада нысандарында тамақты әзірлеу мен оны бақылау ісіне жауапты. Яғни қажетті азық-түліктің мөлшерін қадағалап тұрулары қажет. Сондай-ақ қонақтарға тағамдар бойынша ақыл-кеңес беруге құқылы.

8.  Ақпарат – Универсиадаға қатысты барлық жаңалықтан хабардар болып, өз мақаларыңызды жазғыңыз келсе, онда бұл бағыт сіздерге арналған. Бұл бағыттағы еріктілер додадағы ақпарат алмасудың қалай жүзеге асатынын көруге мүмкіндік алады.

9. Телеарна/ИБТ – Жауапты әрі қызықты бағыт. IT, радио және телекоммуникация саласына қызығатын болсаңыз, онда сіз осы бағыттағы еріктінің бірі бола аласыз. «Телеарна/ИБТ» бағытындағы еріктілер тобы – жүйелермен айналысады яғни олардың көмегімен Универсиаданы тікелей эфирде бүкіләлем тікелей тамашалауына жауап береді. Бұл бағыт әсіресе болашақ телерадио және коммуникациялар инженерлері үшін таптырмайтын мүмкіндік. Халықаралық озық мамандарға көмектесудің өзі бір ғанибет емес пе?

10.  Медицина және допинг-тексеру – Медициналық қызметтің еріктілері қажетті кезде барлық спорт нысандарындағы жарысқа қатысушылар мен қонақтарға көмекке келеді. Аталған бағыттағы үміткерлерді таңдауда медициналық оқу орындарының соңғы курсындағы студенттерге басымдық беріледі. Допинг-тексеру қызметіндегі еріктілердің басты міндеті – спортшыларды допинг тексеретін орынға жол көрсетулері қажет.

11. Спорт — «Спорт» функциясының еріктілері жарыстар өтетін аймақта қызмет істеп, маңызы аса зор әлемдік деңгейдегі оқиғаның жаттығу және жарыс үдерістерін өз көздерімен көріп, тамашалай алады.

12. Іс-шараларды және көрермендермен жұмыс жасауды ұйымдастыру – Бұл функцияның еріктілерінің міндеті өте маңызды – Универсиаданың спорттық нысандарында спорттық мерекелі көңіл күй тудыру.

Еріктілермен жұмыс жасау департаменті

Телефон:+7 (777) 128 97 75 , +7 (707) 431 01 88

VK желісіндегі ресми топ: https://vk.com/almatyvolunteers2017

Facebook желісіндегі ресми топ: https://www.facebook.com/groups/almatyvolunteers2017

Instagram желісіндегі ресми топ : https://www.instagram.com/almaty2017volunteers