FISU

FISU

Халықаралық студенттік спорт федерациясы (International University Sports Federation – FISU) – студенттер арасында әлем чемпионаттары мен Универсиада ойындарын өткізетін ұйым.

ФИСУ-дың құрамына бес құрлықтан 171 мемлекет кіреді.

НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАР

XIX ғасырдың басында спорттық жарыстар алғашқы қадамдарын жасай бастап, оның бастамашысы қазіргі Олимпиада ойындарының негізін қалаушы барон Пьер де Кубертэн болды. Студенттер арасындағы алғашқы сайыстар АҚШ, Англия, Швейцария елдерінде өтті. Бұл жарыстар Студенттердің Спорттық Қауымдастықтары құрылуының қажеттілігін көрсетті. Мұндай қауымдастық тұңғыш рет 1905 жылы АҚШ-та құрылды. 1923 жылдың мамыр айында Парижде өткен алғашқы «Студенттер арасындағы Дүниежүзілік Ойындарды» Жан Петитьен ұйымдастырды. Келесі жылдан бастап Студенттердің Халықаралық Конфедерациясы осы спорттық қозғалыспен тығыз байланыста болды.

FISU ресми түрде 1949 жылы құрылды. Бірақ оның нақты қызметі 1920 жылдан бастау алады.

1925 – 1939 жылдар аралығында студенттердің және аталған ұйымның бастауымен Прагада (1925 ж.), Римде (1927 ж.), тағы да Парижде (1928 ж.), Дармштадте (1930 ж.), Туринде (1933 ж.), Парижде (1937 ж.), Монакода (1939 ж.) көптеген тамаша спорттық шаралар ұйымдастырылды.. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін студенттердің Бүкіләлемдік Ойындарын Франция қайта жандандырды.

FISU-ДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1946 жылы Прагада Халықаралық Студенттер Одағы (ISU) құрылды. Оның негізгі мақсаты Студеннтердің Халықаралық Конфедерациясының қызметін қалпына келтіру болды. Аталған одақ 1947-ші жылы студенттердің IX Әлемдік Ойындарын ұйымдастырды. Осы ойындардан кейін Халықаралық Студенттер Одағының саясиландырылуы студенттердің спорттық қозғалысының ішіндегі бөлініске әкеліп соқты.

1949 жылы люксембурлық Пол Шлеймердің бастамасымен Халықаралық Студенттер Спортының Федерациясы (FISU) құрылды.

1957 жылы Француз Федерациясы студенттер арасында Әлемдік Чемпионаттар өткізді. Осы шаралардан кейін бүкіл әлемнің студенттері қатысуға мүмкіндік алатын әлемдік деңгейдегі Ойындар өткізуге деген ниет арта түсті.

АЛҒАШҚЫ УНИВЕРСИАДА

1959 жылы FISU мен ISU Италия Студенттер Спортының Қауымдастығы ұйымдастырған Турин қаласындағы Ойындарға қатысуға келісімін береді. Сол жыл FISU-ге қатты әсер етеді. Сонда алғаш рет италиялық ұйымдастырушылар 1959-шы жылғы ойындарға “Универсиада” деген атау береді. Олар Универсиадалардың әлемдік шеруінің рәмізіне айналған бес жұлдызбен қоршалған “U” әрпі бейнеленген жарыстың туын жасап шығарады.

Untitled

СТУДЕНТТІК СПОРТТЫҢ ӨРІСТЕУІ

Қалыптасуының маңызды кезеңінен кейін Универсиада қатысушыларды көбіне-көп қызықтыра бастады. 1959 жылы Туринде өткен додада 1407 қатысушы болса, FISU-дің жемісті еңбегінің арқасында 2001 жылғы Бейжіңде (Қытай) өткен жазғы Ойындарға 165 елден 6757 спортшы қатысты. 2003 жылы Кореяның Даегу қаласында өткен Универсиадада 174 елден 6643 спортшы бақ сынады. Ең көп қатысушы 2011 жылы Қытайдың Женьшене қаласында өткен жарыста тіркелді. Оған 10 624 спортшы қатысты.

Қысқы Универсиадалар да сондай жетістіктерге жетті. Мәселен 1958 жылы Австрияның Зел-Ам-Си қаласында ұйымдастырылған Ойынға 98 атлет қатысса, 2009 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Универсиадада барлық рекорд жаңартылды. Жарысқа әлемнің 44 елінен 2931 спортшы қатысқан еді.

50 жыл ішінде спорттың әр алуан түрлерінен бүкіл әлем спортшыларының басын біріктірген 300-ден астам чемпионаттар ұйымдастырылды. Жарыс бағдарламаларының толассыздығына кепіл болуға бейімделген бұл чемпионаттар жұпты жылдары өткізіліп, жыл сайын жетістігі арта түсуде.

 

ФИСУ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ

FISU-дың бірінші президенті болып, люксембурлық физик әрі математик Пауль Шлеймер тағайындалады. Ол FISU-ды 12 жыл басқарды. Оны бұл қызметте есімі Бүкіләлемдік универсиадалардың қарқынды дамуымен байланысты Примо Небиоло алмастырды. 1999-2011 жылдары FISU-ды Джордж Киллиан басқарды. 2011 жылдың 9-шы тамызында Қытайдың Шеньчжен қаласында өткен FISU-дың атқару комитетінің отырысында FISU-дың президенті болып Клод-Луи Галльен сайланды. Ал 2015 жылдың 8-ші қарашасында Швейцарияның Лозанна қаласында өткен FISU-дың атқару комитетінің отырысында дауыс беруге қатысқан 128 өкілдің 102-сінің дауысын жинаған ресейлік Олег Матыцин FISU-дың жаңа басшысы болды.

FISU Президенті О. Матыцин

Президент ФИСУ — Олег Матыцин

FISU МЕН ҚАЗАҚСТАН ЫНТАМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ

Қазақстандық спортшылар Универсиада ойындарына 1993 жылдан бері қатысып келеді.  Осы аралықта 700 отандық спортшы Универсиадалар да бағын сынады. Жалпы есеппен олар 125 жүлде жеңіп алды. Оның  35-і алтын, 39-ы күміс және 51-і қола медаль.

АЛДАҒЫ УНИВЕРСИАДАЛАР

2017 жылы Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары өткізіледі. Сайыстар 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында ұйымдастырылады. Жарысқа 55 елден 17-28 жас аралығындағы 2000 спортшы қатыспақ. Универсиада кезінде 3000 ерікті жұмылдырылады. Олар 8 спорт нысанында, әуежай мен қонақүйлерде қызмет етуге жұмылдырылады. Шетелден 30000 қонақ және турист келеді деп күтілуде.

2019 жылы Универсиада Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өткізілмек. Ресей өз тариында бірінші мәрте Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын ұйымдастырмақ.  2019 жылғы Бүкіләлемдік Универсиада – Ресейдің қабылдап жатқан үшінші Универсиада ойындары. Бұған дейін ресейліктер 1973 жылы Мәскеуде және 2013 жылы Қазанда жазғы Универсиада ойындарын өткізген еді.

2017 жылы 29-шы Бүкіләлемдік жазғы Универсиада Тайбейде өтеді.

2019 жылы Бразилияда 30-шы жазғы Универсиада ойындары өтеді.

FISU-дың штаб пәтері

Халықаралық спорт үйі
Де Роданье, даңғылы 54

Лозанна, Швейцария, CH-1007
Тел.: +41 (0) 216130810
Факс: +41 (0) 216015612
Электронды мекен-жай: fisu@fisu.net
Веб-сайт: www.fisu.net