Орналасқан жері: 1470 ден, 1540 метрге дейін биіктікте орналасқан Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты “Бесағаш” аңғарында орналасқан.
«Алатау» 2010 жылы 7-ші қысқы Азия ойындары мен өзге де халықаралық жарыстарды ұйымдастыру үшін салынған болатын.
Кешеннің жалпы көлемі: 47 гектар алқапты алып жатыр.
Кешеннің аумағында бірнеше көлік тұрағы, тікұшақ алаңы, старт-финиш пен ату аймағы бар.
Стадиондардың жоспары FIS, IBU-дың талабына сай, халықаралық стандарттармен жасалған.
Әр стадионның мінбері 3000 көрерменге арналған (1300 түрегеліп тұратын және 1800 отыратын орын).
Шаңғы трассасының максимальді ұзақтығы– 10 км, 5 км көк + 5 км қызыл екі айналымнан тұрады.
Биатлон трассасының максимальді ұзақтығы – 4 км.
Трассалардың жалпы ұзақтығы-14 км.
Ойындар кезінде бұл жерде биатлон, шаңғы сайысы және шаңғы қоссайысы жарыстары өтеді.