Конькимен жүгіру спорты

Конькимен жүгіру спорты- мұзда шапшаң қимылдап, жүгіруді талап ететін спорт түрі.

Бірінші конькимен жүгіру клубы 1604 жылы Шотландияның Эдинбург қаласында құрылған. 1763 жылы Ұлыбритания мен АҚШ арасында бірінші жолдастық кездесу өткізілген. Конькимен жүгіру спортының ең алғашқы ережелері 1772 жылы Англияда құрастырылды.

Ерлер арасында конькимен жүгіру Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1924 жылы енгізілген. 1960 жылдан бері Олимпиада ойындарында әйелдер арасында да жарыс өтіп жүр. Сайыстар төрт қашықтықта өткізілген – 500, 1500, 5000, 10000 м және көпсайыс.

Универсиада дисциплиналары:

  • Ерлер: 500 m, 1000 m, 1500 m, 5000 m, 10000 m
  • Әйелдер: 500 m, 1000 m, 1500 m, 5000 m, 10000 m

Өтетін орны: “Медеу” мұз айдыны