Шаңғымен трамплиннен секіру

Шаңғымен трамплиннен секіру – арнайы жабдықталған тұғырдан шаңғымен секіруге негізделген қысқы спорт түрі.

Трамплиннен шаңғымен секіру қысқы және жазғы кезеңдерде өтеді. Дегенмен 90 метрден жоғарғы биіктікте, қысқы маусымда өтетін жарыстардың беделі жоғары болады.
Бастапқыда трамплиннен шаңғымен секіру, слаломның бір бөлігі болған. 1840 жылы алғаш рет слаломнан жарыс өткен. Алғашқыда тұғырдан секіру алысқа секірумен емес, қаншалықты биіктіктен секіргеніңмен өлшенген.

Алысқа секіруді 1868 жылдан бастап ескере бастаған. Бірінші тіркелген нәтиже – 19 метр. Жыл өткен сайын, аталған спорт түрінің ережелері өзгере бастады. 1945 жылдан бастап алысқа секіру ғана емес, секіруді қаншалықты дұрыс орындалуы да ескеріле бастады.

Универсиада дисциплиналары:

  • Ерлер: Жекелей жарыс К 95 (NH), Командалық жарыс К 95 тұғыры
  • Әйелдер: Жекелей жарыс К 95 (NH), Командалық жарыс К 95
  • Аралас командалық жарыс К 95 тұғыры (1Ж+1M)

Өтетін орны: “Сұңқар” Халықаралық трамплиндер кешені