Шорт-трек

Шорт-трек – хоккей алаңының ішінде жарыс қашықтығын максималды жылдам бағындыруға бағытталған конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі. Жарысқа бірнеше спортшы қатысады. (шарт бойынша 4—8: ара-қашықтық неғұрлым үлкен болса, жүгіруге қатысатын спортшыларда көбірек болады).

Шорт-трек Солтүстік Америкада пайда болды. Ең алғаш жарыс XX-шы ғасырда өткен. 1967 жылы шорт-трек халықаралық конькимен жүгірушілер одағы ISU-дың құрамына кірді. Алғашқы әлем чемпионаты 1976 жылы АҚШ-та өткізілген. Ал ең бірінші командалық әлем біріншілігі 1991 жылы Сеулде өтті. 1992 жылғы Францияда өткен қысқы Олимпиада кезінде, шорт-трек олимпиаданың негізгі бағдарламасына енген.

Универсиада дисциплинасы:

Ерлер: 500 м., 1000 м., 1500 м., 5000 м. (эстафета)
Әйелдер: 500 м., 1000 м., 1500 м., 3000 м. (эстафета)

Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы (кіші арена)