Шаңғы қоссайысы

Гундерсен жүйесі бойынша жекелей жарыстар
Тұғырдан секіру— К 95 (NH), 10 km қашықтықта жарысу
Гундерсен жүйесі боынша командалық жарыстар
Тұғырдан секіру— К 95 (NH), 3х5 km қашықтықта жарысу

Шаңғы қоссайысы екі дисциплинадан тұрады: трамплиннен тұғырдан секіру және шаңғы сайысы. Сондай-ақ солтүстік комбинация деген атауы бар. 1924 жылдан бері бұл спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енген.

Соңғы жылдары шаңғы қоссайысының дәстүрлі бағдарламасы біраз өгерістерді бастан кешірді. Бүгінде екі жекелей дисциплинадан жарыстар өтіп жүр: К-95 және К-125 тұғырынан секіру, одан әрі 10 км қашықтыққа еркін стильде шаңғымен жарысу. Гундерсен әдісі бойынша жекелей және командалық жарыстар (4×5 км эстафета) өтеді.

Командалық түрі — 4×5 км эстафета: Командадағы 4 қатысушының әрқайсысы бір-бірден тұғырдан секіріп, шаңғымен жүгіріп жарысады.

Универсиада дисциплиналары:

  • Гундерсен әдісі бойынша жекелей жарыстар.  К 95 (NH) тұғырынан секіру , 10 км қашықтықта шаңғымен сайысу
  • Гундерсен әдісі бойынша командалық жарыстар. К 95 (NH) тұғырынан секіру, 3х5 км қашықтықта шаңғымен сайысу
  • Масс старт. 10 км қашықтықта шаңғымен, К 95 (NH) тұғырынан секіру

Өтетін орны:

“Алатау” шаңғы және биатлон кешені

“Сұңқар” халықаралық трамплиндер кешені