Шайбалы хоккей

Шайбалы хоккей – шайбамен мұз үстінде ойналатын командалық спорт ойыны.

Ең алғаш хоккей ережелерін Канаданың Монреаль қаласындағы Мак-Гилл университетінің студенттері қалыптастырды. 1885 жылы дәл осы қалада әуесқой хоккей ассоциациясы құрылды. Араға бір жыл салып, алғашқы халықаралық кездесу канадалық және ағылшын командалары арасында өтті. Көп ұзамай хоккейге арналып, жасанды мұз алаңы бар жабық стадион салынды.

Қысқы Универсиада аясында хоккей жарысы 1962 жылы Швейцарияның Вилар қаласында өтті. Бұл жарысқа ерлерден 4 команда қатысты. Ал 2009 жылы Харбинде өткен 25-ші қысқы Универсиада кезінде әйелдер арасында да жарыс өте бастады. Сол кезде 6 елдің командасы қатысқан болатын.

Универсиада дисциплинасы:

Ерлер турнирі (12 командаға дейін).
Әйелдер турнирі (8 командаға дейін).

Өтетін орны:

Шайбалы хоккей (ерлер) – Халық Арена
Шайбалы хоккей (әйелдер) – Б.Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы