Шаңғы жарысы

Шаңғы жарысы белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша шаңғымен жарысу спорты.

Алғашқы рет жылдамдыққа жүгіруден шаңғымен жарысу Норвегияда 1767 жылы өтті. Норвегиялықтардан кейін, шведтер мен финдер жарыс өткізе бастады.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында бірқатар елдер де ұлттық шаңғы клубтары пайда болды.

Шаңғымен жүгірудің негізгі екі түрі бар — «классикалық стиль» және «еркін стиль».

1924 жылдан бастап, шаңғы сайыстары Олимпиада ойындарының ресми спорт түрі болып табылады.   Дәл осы жылы шаңғы спортының халықаралық федерациясы (FIS) құрылды. Шаңғы сайыстарынан бірінші әлем чемпионаты 1925 жылы Чехословакияда өтті. FIS шаңғы жарысының дамуына жауап береді. Сондай-ақ   трамплиннен шаңғымен секіру,  таушаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, фристайл және сноубордтың дамуын қадағалайды.

 Универсиада дисциплинасы:

  • Ерлер: Жекелей спринт 1.6 км (C), Жекелей сайыс 10 км (C), Із қуып арысу 10 км (F), Масс старт 30 км (C), Эстафета 4X7.5 км (CCFF)
  • Әйелдер: Жекелей спринт 1.2 км (C), Жекелей сайыс 5 км (C), Із қуып жарысу  5 км (F), Масс старт 15 км (C), Эстафета 3X5 км (CFF)
  • Аралас командалық спринт (F) 1Ж+1М 1.2км

Өтетін жері: «Алатау» шаңғы стадионы