“Медеу” мұз айдыны

Атлеттер қалашығымен арасы: 30.6км

Салынған уақыты: 1972 ж.

Сыйымдылығы: 8300 орын

«Медеу» таушатқалында орналасқан қысқы спортқа арналған ең ірі кешен.Медеудің танымалдылығына шатқалдағы жұмсақ климат пен таза тау суы әсер еткен.

Мұз алаңының беті   10,5 мың ш.м., осының арқасында конькимен жүгіру, хоккей және мәнерлеп сырғанаудан жарыстарды өткізуге болады.  .

1972 жалдан бастап, «Медеуде» 120 әлемдік рекорд орнатылған. Осы орайда, мұз айдынды «рекордтар ұстаханасы» деп атап кеткен.

Күрделі жөндеуден өткеннен кейін,  VII қысқы Азия ойындарында мқз айдыны жаңа келбетке ие болды.  Бүгінде «Медеу» Алматы тұрғындары мен қонақтарының конькимен сырғанаудан танымал орны болып табылады.

Ойындар кезінде кешен конькимен жүгіруден сайыстарды қабылдайды.
Орналасқан жері: Алматы қ, Горная,465; теңіз деңгейінен 1691,2 м жерде