Халық Арена

Атлетикалық қалашығынан арақашықтығы: 18,5 км

Көрермендерге арналған орын саны: 3000 орын

Аумақтық жалпы ауданы: 10,9295 га

Құрылыстың жалпы ауданы: 20 293,5 шаршы метр

Нысан көпсалалы, 3000 орындық әмбебап мұз аренасы және 300 орындық трибунасы бар кіші аренадан тұрады. Нысанның мұз шабыны волейбол, баскетбол, мини-футбол тағы да басқа ойындар алаңына өзгертуге келетін болып жобаланған.

Ойындар кезінде бұл нысан ерлер арасындағы шайбалы хоккейден жарыстарды қабылдайды. 

Нысанның орналасқан жері: Алматы қ. Медеу ауданы, Талғар даңғыл жолы мен (Құлжа даңғыл жолының қиылысы).