Атлетикалық қалашық

Тұрғындарға арналған орын саны: 5000 орын

Делегацияларға Атлетикалық қалашық 2017-ші жылдың 24 қаңтарынан 10 ақпанға дейін ашық болады.

Жалпы аумағы: 24,41 га

Құрылыс аумағы: 23 977,66 шаршы метр

Тұрғын үй кешені U (Universiade) ағылшын әрпімен орналасқан 14 ғимараттан және қызмет көрсететін 3 блоктан тұрады. Сәулеттік жоспар бойынша барлық нысандар жартасқа салынған суреттердегі күн адамының бейнесін бейнелейді.

14 қабаттық тұрғын үй ғимараттарының операциялық блок орналасқан. «Пирамидада» Универсиада кезінде FISU ұйымдастырушыларының кеңсесі, 1000 адамға қызмет көрсетуге есептелген асхана және демалыс орны орналасатын болады, интербелсенді технологияларды қолдану арқылы Дәстүрлік музыкалық аспаптар мұражайы ұйымдастырылады.

Орналасқан жері: Алматы қ. Алатау ауданы, Момышұлы көшесінің бойымен, (Т.Рысқұлов даңғылының солтүстігіне қарай).