Алматы Aрена

Атлетикалық қалашығынан арақашықтығы: 700 м

Көрермендерге арналған орындар: 12000 орын

Аумақтың жалпы ауданы: 10 734 га

Құрылыстың аумағы: 29 710,94 шаршы метр

Мұз сарайы: 12000 орындық мәнерлеп сырғанауға арналған Бас арена және 475 орындық Керлингке арналған Кіші аренадан құралған.

Мұз сарайы 2017 Қысқы Универсиаданың ең үлкен спорттық нысаны.

Көп функциялы кешен Универсиада мұрасы ретінде Қазақстанның бастаушы спорттық ғимараттарының бірі болып, жылына 600 мың көрермен қабылдайтын болады.

Нысан мұз шабыны волейбол, баскетбол, мини-футбол тағы да басқа ойындар алаңына өзгертуге келетін болып жобаланған. Ауқымды концерттер өткізу үшін сахналық дыбыс пен жарық бойынша заманауи шешімдер ескерілген. Жабдықталған залдары, келіссөздер жүргізетін бөлмелері бар нысан конференциялар, форумдар және әртүрлі деңгейдегі көрмелер өткізуге өте ыңғайлы болып жобаланған.

Мұз айдыны кәсіпқой спортшылар үшін тұрақты жаттығу нысанына айналады. Сонымен қатар, мұз ареналарын пайдалануға барлық қалаушылардың мүмкіндігі болады (көпшілік сырғанаулар, әуесқой жарыстар өткізу, спорттық секциялар ұйымдастыру және басқалар).

Ойындар кезінде сарайда өтетін шаралар: Ашылу және жабылу салтанаттары, бас аренада мәнерлеп сырғанау, кіші аренада керлинг.

Нысанның орналасқан жері: Алматы қ. Алатау ауданы, Момышұлы көшесінің бойында, (Т.Рыскұлов даңғылының солтүстігіне қарай)