Сноуборд

Сноуборд – қысқы спорт түрі. Хафпайптарда немесе қарлы бөктер бойымен ылдиға қарай шапшаң сырғанаудан тұрады.
1998 жылдан бастап, сноуборд қысқы Олимпиада бағдарламасына енді. Ал Олимпиада бағдарламасына енбеген «фрирайд» және «джиббинг» деген түрі бар.

Сноуборд Универсиаданың ең жас спорт түрі болып есептеледі. Универсиаданың бағдарламасына 1995 жылы Испанияда өткен 17-ші қысқы Студенттер ойынында енген. Ол кезде 10 елдің атынан 29 спортшы сайысқа түсті. Сол уақыттан бері сноуборд Универсиаданың негізгі спорт түріне айналды. Осы уақыт аралығында сноуборд 8 мәрте Универсиада ойындарының бағдарламасында болды.

Сайыстар бірнеше түрінен өткізіледі: Хафпайп, параллельді алып слалом, параллельді слалом, сноуборд-кросс, биг-айр, слоупстайл болып бөлінеді. Бұл түрлерінің дені Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.

Универсиада дисциплиналары:

  • Ерлер: Сноуборд кросс (SBX), Параллельді алып слалом (PGS), Параллельді слалом (PSL), Биг Эйр(BA), Слоупстайл (SBS)
  • Әйелдер: Сноуборд кросс (SBX), Параллельді алып слалом (PGS), Параллельді слалом (PSL), Биг Эйр(BA), Слоупстайл (SBS)