Фристайл

Фристайл – Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген шаңғы спортының түрі. Фристайл бес дисциплинадан тұрады : шаңғы акробатикасы, могул, ски-кросс, халф-пайп, слоуп-стайл. Аталған спорт түрінен бірінші жарыс 1966 жылы АҚШ-тың Аттише қаласында ұйымдастырылған. 1978 жылы фристайлан бірінші Әлем кубогі өткізілген. Араға 8 жыл салып, 1986 жылы Францияда алғашқы Әлем чемпионаты өтті.

Универсиада дисциплиналары:

  • Ерлер: Ски кросс (SX), Могул (MO), Параллельді могул (DM), Акробатика (AE), Аралас командалық акробатика
  • Әйелдер: Ски кросс (SX), Могул (MO), Параллельді могул (DM), Акробатика (AE), Аралас командалық акробатика

Өтетін орны: «Шымбұлақ» таушаңғы курорты