Мәнерлеп сырғанау

Мәнерлеп сырғанау өзі жеке спорт ретінде XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. 1871 жылы конькишілердің бірінші Конгресінде мәнерлеп сырғанау жеке спорт болып мойындалды. 1882 жылы Австрияда мәнерлеп сырғанаушылардың бірінші жарысы өтті.

Қазір бес дисциплинаға бөлінеді: ерлер арасында жекелей жарыс, әйелдер арасында жекелей жарыс, жұптасып өнер көрсету, спорттық би және синхронды мәнерлеп сырғанау. Алғашқы төрт түрі Олимпиада бағдарламасына енген.

Универсиада дисциплиналары:
Ерлер: қысқа бағдарлама және еркін бағдарлама.
Әйелдер: қысқа бағдарлама, еркін бағдарлама.
Жұптасып өнер көрсету: қысқа бағдарлама, еркін бағдарлама, мұздағы би.

Өтетін орны: Алматы Арена