Тау-шаңғы спорты

Тау-шаңғы спорты бірнеше спорттық дисциплиналардан құралған.  Бұл – слалом, алып слалом, супергигант слаломы,  шапшаң түсу және  таушаңғы қоссайысы.

Таушаңғы спортынан алғашқы халықаралық жарыс 1911 жылы Монтана қаласында өткен. Таушаңғы спортын дамытуды Халықаралық шаңғы спорты федерациясы   FIS жүзеге асырады. 1931 жылы  таушаңғы техникалық комитеті құрылған. Сол жылы Швейцарияның Мюррен қаласында тұңғыш рет осы спорт түрінен әлем чемпионаты өткізілген.

 Универсиада дисциплиналары:

  • Ерлер: Супер комбинация (AC), Супер гигант (SG), Алып слалом  (GS), Слалом (SL)
  • Әйелдер: Супер комбинация (AC), Супер гигант (SG), Алып слалом  (GS), Слалом (SL)
  • Параллельді командалық сайыс

Өтетін орны: «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты