Универсиада ұйымдастырушылары ресей әріптестерімен Алматы қаласындағы жарыстарды өткізу тәжірибесімен бөлісті

2017 жылғы 20-26 мамыр айының аралығында Халықаралық студенттік спорт федерация (FISU) делегациясы Ресей Федерациясының Красноярск қаласында болады. 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы Қысқы Универсиаданың Ұйымдастырушы комитеті өкілдерінің қатысуымен жұмыс сапары шеңберінде дебрифинг өтуде. 

Қазақстандағы Универсиада ойындарының қорытындысы бойынша құрылымдаған ұсыныстары мен сарапшылардың пікірлерінен негізделген дебрифинг – жиналыс өтуде. Негізгі мақсаты – Красноярск қаласындағы 2019 жылғы Қысқы Универсиаданың ұйымдастырушылары өзінің жұмыс кезінде алынған білімдерін қолдану үшін шараға дайындалу мен өткізуінің барлық кезеңдерін талғау мен талдау.

FISU Қысқы универсиадалардың директоры Милан Августин, FISU Қысқы универсиадалардың Халықаралық техникалық комитетінің төрағасы Роджер Рот, FISU Халықаралық медициналық комитетінің төрағасы Душан Хамар, сондай-ақ Қазақстандағы ойындармен айналысқан "Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу дирекциясы" МҚ директорының орынбасары Бақытжан Садықовтың басшылығымен бір топ мамандар командасы делегация құрамына кірді.

«Алматы қаласындағы Қысқы Универсиада ТМД елдерінің аймағында және тәуелсіздік Қазақстанның тарихында ең ірі мультиспорттық жарыстардың бірінші қысқы студенттік ойындары болып саналады. FISU бағалауы бойынша, бұл Универсиадаларды ұйымдастырудағы ең керемет тәжірибе болды. Және бүгін біз өзіміздің тәжірибемен білімдерімізбен ресейлік әріптестерімізбен бөлісуге қуаныштымыз. Өйткені студенттік ойындар - ол дене шынықтыру және спорт құндылықтарын насихаттауды, сондай-ақ жастар арасындағы салауатты өмір салтын жүзеге асыратын шара», - деп шара барысында «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу дирекциясы» МҚ директорының орынбасары Бақытжан Садықов атап өтті.     

Дебрифинг кезінде Универсиада-2017 Ұйымдастыру комитеті өкілдері Студенттік Ойындарды өткізу бойынша барлық функционалдық бағыттармен бөлісті: «Медициналық қызмет», «Нысандарды басқару», «Спорттық бағдарлама», «Маркетинг» және т.б. FISU өкілдерімен бірге болашақта ескеру үшін, сондай-ақ Красноярск қаласындағы 2019 жылғы қысқы Универсиаданы өткізу кезінде жарыстардың өткізілуінің барлық ұйымдастырушылық кезеңдері талқыланды.

«Біз үшін Универсиада ойындары қарсаңында дебрифингтің өтуі өте маңызды. Әріптестерімізбен кездесу бізге ірі спорттық сайыстарды ұйымдастыру тәжірибесін үйренуді, ерекше назар керек ететін аспектілерді анықтауға мүмкіндік береді. Алматыдағы 2017 жылғы Қысқы Универсиададан біз зор білім қорымен және оң сезіммен елімізге оралдық. Алдағы күндердегі бірлескен жұмыстар бізге ауқымды спорттық оқиғаны дайындауға көмектеседі. Красноярск 2019 жылғы Қысқы универсиаданы күтуде, және, шараны жоғары деңгейде өткізу үшін біз барлық күшімізді салу керекпіз», - деп Красноярск қаласындағы 2019 жылғы 29-шы Қысқы Универсиаданының атқарушы дирекциясының басшысы Максим Уразов атап өтті.