15 акпанда билеттер бойынша жүлделердің ұтыс ойыны

Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада аясындағы жарыстар аяқталды, дегенмен ең қызығы әлі алда! Билеттер бойынша жүлделердің ұтыс ойыны туралы ұмытқан жоқсыздар ғой? Сонымен, хабар тарату 15 ақпанда біздің YouTube арнасында өтеді!
Егер сіз әлі арнаға жазылмаған және хабарыңыз жоқ болса, онда бастайтын уақыт келді. almaty2017.com/drawing сілтемесіне өтіп, жазылыңыз және тікелей эфирді күтіңіз!
Ойындар барысында билеттерді ресми тексеру эпизодтары орын алды, өйткені Универсиада Дирекциясы ұтыс ойынына турникет арқылы активтендірілген билеттерді ғана емес, барлық сатылған билеттерді жіберуге шешім қабылдады.