Универсиада-2017 қарсаңында «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы шегерімдерді ұсынуда

Универсиада-2017 ойындарының өткізілуіне орай Алматыға мыңдаған спортшы мен қонақ  «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайына келмек. Трассаларды жарыстарға дайындау үшін «Шымбұлақ» 9 қаңтардан бастап  сырғанауға арналған «Комби 1» («Профессор», «Азиада», «Труба», «Поле Чудес», «Олимпийский», «Терраса») трассаларын жаппақ. Басқа трассалар, атап айтқанда, «Сол жақ Талғар»: «Дядя Богданович», «Зеленая поляна», «Солнечная долина»; «Комби 2»: «Талғар», «Гребень двадцадки»; «Травелатор»: «Белый мишка»; «Змейка» бұрынғы қалпында жұмыс жасайтын болады.

«Комби 1» арқан жолы жаяу тристерге, сондай-ақ, сырғанауға келгендерді көтеру және түсіру үшін штаттық тәртіпте жұмыс жасайтын болады.

Сырғанауға жабық трассаларда спорттық трассаларды салу, телехабар тарату үшін тау баурайы арқылы кабельдерді жүргізу, камералардың орнын белгілеу, уақытша құрылымдарды салу және монтаждау, «В» және «С» санатындағы қауіпсіздік желілерін орнату жұмыстары жүргізіледі.

Трассалардың бір бөлігі жабылатындықтан, шипажайға келушілерге кассаларда күндізгі абонементтердің барлығына 30%-ға дейінгі мөлшерде шегерім, сондай-ақ, shymbulak.com немесе homebank.kz сайттарында қазір төмендетілген бағада онлайн-төлем жасау кезінде қосымша тағы 30%-дық шегерім ұсынылады. Мәселен, үлкендер мен балаларға 4 сағаттық абонементті кассадан сатып алғанда, оның бағасы сәйкесінше 4000 және 2000 теңге болады, ал онлайн арқылы сатып алғанда, 2800 және 1400 теңге тұрады. Тау-шаңғы абонементін онлайн арқылы ағымдағы күні және келесі күнге сатып алуға болады. Универсиада өткізілетін уақытта бір апталық абонементтерді сатып алу тоқтатылады. Заттарды сақтауға арналған камералар жарыстар өткізілетін уақытта спортшыларға ұсынылатындықтан, оларды тек бір күнге ғана жалдауға болады. Универсиада аяқталған соң ғана түнде сырғанауға мүмкіндік беріледі.

Естеріңізге салып өтелік, «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайында слалом, жарыспалы слалом, слалом-гигант, жарыспалы слалом-гигант, супер-гигант, комбинация (супергигант, слалом), шаңғы кросы, сноуборд-кросс, слоупстайл, жұптық могул секілді дисциплиналарда жарыстар өткізілмек.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайының әкімшілігі келтірген ыңғайсыздықтары үшін кешірім сұрайды, сондай-ақ, шипажай қонақтарынан жағдайды ескеріп, түсіністікпен қарауды өтінеді.