Қытай Қысқы универсиадаға қатысып отырған бүкіл тарихында тұңғыш рет Алматыға спортшыларының ең көп санын жіберуде

Қытай құрамасының қатарына 119 спортшы студент кіріп отыр, олар Универсида-2017 ойындарында 12 қысқы спорт түрлері бойынша медальдер үшін күреспек.

2017 жылдың 5 қаңтарында Харбиндегі Спорт университетінде Алматыдағы студенттік ойындарға қатысатындардың есімдері жарияланды. Қатысушылар Қытайдың 7 провинциясы, автономдық аймағы мен муниципалитетінде орналасқан 17 университеттің студенттері болып табылады. Қытай Қысқы универсиада ойындарына қатысып отырған бүкіл тарихында ең көп спортшы санын осы студенттік спорт делегациясы құрамында жіберіп отыр.

Қытайдың Студенттік спорт федерациясы спортшыларының әлеуетін жоғары бағалап, мықты құрама жиналды деп айтуда. Қытайлықтар Алматыдағы Қысқы универсиада кезінде 60-тан аса спорт жарысына қатысатын болады.

Универсиада-2017 ойындарындағы Қытай спорт делегациясының басшысы Янг Лигуо спорттағы жетістіктермен қатар, әртүрлі елдердің жастары арасындағы достық қатынас аса маңызды екенін, сондай достықтың іргетасы Универсиада-2017 кезінде қаланатынын атап өтіп, спортшыларға ақ жол тіледі.

«Біздің спортшылар Қазақстан мәдениетімен танысып, шетелдік қатысушылармен достық байланыстарды орнатады деп үміттенемін. Қабылдаушы жақ күнде дерлік бірлескен кездесулерді ұйымдастыратындықтан, түрлі елдерден келген жастар бір-бірімен достасып кетеді деп үміттенеміз», – деді Янг Лигуо.

Студенттер спорттағы белсенді ұстанымы арқылы Қытайдың 300 миллионнан аса тұрғынын шаңғы мен конькиді үйренуге жігерлендірмек. Универсиада-2017 қатысушылары өз еліндегі колледждер мен университеттерде қысқы спорт түрлерін насихаттауды жалғастырады. Қытайдың Студенттік спорт федерациясында спортшылардың осы идясын қолдай отырып, ел аумағындағы оқу мекемелерінде қысқы спорт түрлері бойынша жарыстарды жиі өткізіп тұрмақ.