Ресей бишілер тобының жетекшісі Универсиадаға шақыру алғандарын мақтан тұтады.

Алматыда 8 ақпанда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы студенттер ойынының жабылу салтанаты өтті. «Алматы -Арена» мұз сарайында жүздеген талантты әртістер өнер көрсетті. Омбы мемлекеттік халықтық хорының директоры Елена Ермакова Универсиаданың соңғы күніндегі концерттік бағдарлама жайлы әсерлерімен бөлісті.

- Біздің ұжым Универсиаданың ашылу мен жабылу салтанатына қатысты,-деді ол.Ашылуда Омбы орыс халықтық хорының 22 адамы өнер көрсетті. Қазақстанда тұратын халықтардың өмірі туралы вокалды-хореографилық сюита кезінде біз орыс биін биледік.Сонымен қатар бишілеріміз заманауй қойылымдарға  биледі.Ресейдің еңбегі сіңген әртісі,өнер қайраткері  балетмейстр Зуфар Толбеев тамаша би композициясын көрермен назарына ұсынды.

- Универсиаданың ұйымдастырылуы-өте жоғары денгейде.Олимпиада ойындарынан кем емес.Біз жарыстар мен ұйымдастырылу жұмыстарының жүргізілуіне риза болдық.Спорттық мәдени шара кең ауқымда өтті.Ашылу салтанаты барлық әртістерді таң тамаша қалдырды.Жабылуы ауқымды болмағанмен,жүрек тебірентерлік шара ретінде есте қалды.

Алматы ойындары жөніндегі ойларын  Омбы облыстық филармониясының директоры Елена Лапшина да жайып салды.

- Біздің ұжымның осындай ірі халықаралық денгейдегі шараға шақыртылуы мақтаныш сезімін тудырады,-деді ол.- Біздің Қазақстанмен тым жақсы шығарамашылық байланыстарымыз бар.Осы қарым-қатынастар әрі қарай өрістей берсін.Біздің бишілеріміздің өнері жоғары бағаланғанына қуаныштымыз.