Қазақстандық рок- музыкант Универсиаданың жоғары денгейде ұйымдастырылғанын көрдік.

«Ұлытау» этно-рок тобының бас-гитаристі Серік Сансызбаев Алматыда өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада жайлы ойларын ақтарды.


 

- Барлығы жоғары денгейде өтті,-деді ол.Көрермендер жарыстарға сатылған билеттерді пышақ үстінен қырып алып кетті.Менің өзім көптеген жарыстарға билет таба алмадым.Маған осынау үлкен шараның ұйымдастырылуы мен оның  бір бөлшегі болу ұнады.Ортақ іс үшін күн-түн демей тынымсыз көмекке жүгірген еріктілерді айрықша атап өткім келеді. Бұл күндері Алматы Универсиадамен өмір сүріп спортпен тыныстады.

Музыкант шетелдік спортшылармен танысып жөн-сұрасқан екен.Олар біздің қаланың қонақжайлығына таңдай қағыпты.

- Жарыстарда Қазақстан құрамасы үшін жанкүйер болдым.Денис Теннің өнері ұнады,жеңіске бір адым жетпей қалған хоккейден ерлер құрамасының ойыны есте қалды.Шаңғышылар,биатлонистер,фристайлистердің ел намысы үшін барын салғаны көрінді.Үлкен спорттың Алматыдағы 12 күні тез өтіп кетті.Көптеген жарыстарды көре алмағаныма өкінемін.Енді келешекте де осындай дүбірлі додалардың қаламызда жиі болғанын қалаймын.