Чехия құрамасының қорғаушысы Михал Гутвалд: Өзімізді жайлы сезінуіміз үшін қазақстандықтар бәрін жасады

Чехия құрамасының қорғаушысы Михал Гутвалд бізбен Қысқы студенттік ойындардан және Қазақстанға сапарынан алған әсерлерімен бөлісті.

- Бұл өте тамаша дода болды. Біз өзімізді жайлы сезінуіміз үшін ұйымдастырушылар, еріктілер бәрін жасады, - дейді Гутвалд. – Шынымды айтсам, «Халық Аренаны» көрген сәтте үлкен әсерде қалдық, мұз алаңы, киім ауыстыратын бөлме, бәрі жаңа. Ең бастысы, адамдары да өте жайдары әрі мейірбан болып шықты.

-  Қазақстандық жанкүйерлер туралы не айтасыз?

- Алматыда ойын көрсетуден нағыз рахат алдық. Трибуналар қашанда лық толы болды. Басында көрермендер барлық командаларды қолдап отырғанына таңқалдық, бірақ кейін бұл өте тамаша екенін түсіндік.

- Алматының көрікті орындарын тамашалауға мүмкіндік болды ма?

- Аздап қана көріп шықты. «Шымбұлақта» болдық. Ауа-райы нашар болса да, аса көркем жер екеніне көзіміз жетті. Ал жалпы біз Алматыға хоккей ойнауға келдік қой.

- Хоккей демекші, сіздер төртінші орынды иелендіңіздер. Нәтижеге көңілдеріңіз толды ма?

- Біз жақсы ойын көрсеткіміз келді, дегенмен, канадалықтар - қола медальге тұрарлық команда. Универсиада кезінде біз керемет жарыстарды өткіздік. Мәселен, біз Словакиямен бәсекеде айыпсоққы жағынан ұтып кеттік. Қандай сезімде болдық десеңші! Дегенмен, бастапқы кезеңде Қазақстаннан 0:8 есебімен ұтылғанымыз да біраз есімізде кетпесі анық.

- Универсиаданы қимай отырған шығарсыз?

- «Халық Аренаны», осы доданы, осы елдің адамдарын сағынам деп ойлаймын. Мүмкін Қазақстанға қайта келетін де шығармын!