Латвия хоккейшісі Роман Неклюдов: Алматыға қайта келгім келеді

- Хоккей додасы өте жоғары деңгейде өтті, - деді Роман. – Жеңіске жетіп, көптеп шайба соғуға мүмкіндік берген тартысты ойындар да болды. Плей-оффте Ресейге төтеп беруге тырысып, алғашқы екі кезеңде берілмей жақсы ойын көрсеттік, алайда соңында қарсыласымыздың тегеурініне шыдап бере алмадық. Біздің хоккей федерациямыздағылар біздің ойынымызға көңілдері толатынын айтты, алайда жеке өз басым, біз бұдан да жоғары деңгейге лайықты едік деп ойлаймын.

Ақтық сынға шыққан спортшылар шешуші бәсекеде тартысты ойын көрсетіп, Ресей чемпиондары Универсиада қожайындарын жеңу үшін біраз күш салды. Хоккей жанкүйерлері де қызу өткен айқасты тамашалауға мүмкіндік алды.

Универсиаданың өзі жарқын оқиғаға айналды. Әсіресе, Ашылу салтанаты  аса үлкен әсерде қалдырды. Атлеттер ауылында тұрып жатқан кезде де талай қызықты оқиғаларды бастан кешірдік. Алдымызға тек дәмді тағамдар қана қойылып, тынығып, қалпымызға келу үшін барлық жағдайлар жасалды. Түрлі елдердің студенттерімен танысып, Алматыда серуендедік. Осы елдің қыздарымен таныса алмағанымыз өкінішті, алайда келесі келгенде міндетті түрде бұның орнын толтырамыз деп үміттенемін. Командамның атынан қазақстандықтарға спорт думаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіргім келеді. Көркем қалаларыңызбен қимай қоштасып, елімізге оралудамыз.