Универсиадада алысқа шапқандар.

Жарысын аяқтаған Ресейлік конкиші Руслан Рафиков Универсиада-2017 –де  Атлеттер қалашығынан қайтарда алған әсерлерімен бөлісті.

- Алматы Ойындарында өзіңізге қандай баға бересіз?

- Біздегі мұз айдындары жабық,бұл жерде ашық аспан астында жарысасың. «Медеу»мұз айдынындағы жарысқа шығу мен үшін үйреншікті болған жоқ.Бабы мен бағы қатар шапқандардың жолы болды .Менің дайындығым жақсы болғасын өзім қанағаттанатын нәтиже көрсеттім.Бәсеке мықты болғасын жүлделі орынға іліге алмадым,бірақ командаластарымның көбісі медаль алды.

- Қысқы ойын -2017 –нің «Қанатыңды кеңге жай»бастамасы сізге «қанатыңызды кең серпуге» көмектесті ме?

 - Мен иә деп жауап беремін.Жоғарыға көтерілу қиын болды.Жоғары қысымды жерге бойымды үйреткенде тыны салу қиын болды.Бірақ бұл менің нәтижеме әсер етпеді.Осы жарыстарда мен өзімнің ең үздік уақытымды көрсеттім.Достарымның барлығы сен бір «керемет»болдың ғой,жылдамдығың осында келіп артып кеткен бе деп таңырқап жатыр.

- Жарыстарда ең қатты ұнады деп нені айтасыз?

- Атлеттер қалашығы.Ол жерде құрған атмосфера жарысқа жақсы көңіл күймен шығуға мұрсат берді.Бұл шара бір жағынан жарыс әрі спорттық мереке.

-  Егер балаларыңыз Алматыда не болып еді деп сұраса не деп жауап қайырасыз?

- «Қазақтар бәрін таң-тамаша  қалдырды.Бұл бір ұмытылмас жарыстар болды»,-деп жауап беремін.