Универсиада – 2017 елшісі Мұрат Мутурғанов ойындары жайында ойымен бөлісті

Мұрат Мутурғанов өзі жеке тұлға ретінде Универсиада аясында өткен көптеген шараларға елші болды. Универсиада-2017 ойындарының салтанатты жабылу рәсімінің алдында Мұратпен Алматы-Аренаның» дәлізінде кездесіп, естелік суретке түсіп, оның ойын сұраған едік.

Универсиада Алматы және еліміз үшін маңызды шара болды. Универсиада арқылы шетелдіктер біздің елімізді, мәдениетмізді және мүмкіндіктерімізді таныды. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан мен бәріне үлгердім. Жарыстарға да қатыстым, ресейлік, америкалық ,канадалық және тағы да басқа көптеген елдерден келген қонақтармен әңгімелестім. Олардың елімізге деген оң көзқарасы менің мақтанышымды туғызды. Шара үлкен деңгейде өтті деп айта аламын. Қазіргі уақыттағы басты ескерілетін қауіпсіздік, жарыстың ұйымдастырылу деңгейі, бәрі-бәрі тиянақты болды. Осындай сайыстың тез бітіп қалғаны өкінішті, әрине. Осындай әлемдік шараны өткізетін басқа елдер бізден үлгі алатыны сөзсіз.