Рамина Юничева: «Универсиадада барымызды саламыз»

Керлинг қазақстандық жанкүйерлер мен спортсүйер қауым үшін айтарлықтай экзотикалық пән болып табылады. Дей тұра, бұл ойынның танымалдылығы бірте-бірте дамып жатыр, және Универсиадада бұл пән сайыстардың негізгі бағдарламасында алға тартылады.

Қазақстандық керлингшілер өздерін халықаралық алаңда паш етуде, бірақ жоғары орындар туралы армандау әлі ертерек. Қазіргі таңда керлинг бойынша Қазақстан құрамасы өзімізде өтетін Универсиаданың алдындағы қорытындылаушы жиындарға кірісті. Топ Алматыда жаттығады, ал осыған дейін спортышларымыз жиынды Оңтүстік Кореяда өткізді. Сол елде тобымыз Тынықмұхиттық-Азиялық ойындарға қатысты.

Жас ерекшелік өлшемдерге байланысты ерлер және әйелдер топтарының негізін жастар құрамасының ойыншылары қамтыды. Алматыда өтетін қысқы Универсиаданың ресми сайтында өз командасы туралы керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасының топ жетекшісі (капитаны)  Рамина Юничева айтып берді.

- Универсиадаға дайындық бізде қызу жүріп жатыр. Қолымыздан келгенін жасап жатырмыз, - дейді Рамина. – Сайыс күндері жақындап қалды. Толқып жатқанымыз жасырын емес – өз жерімізде өнер көрсету деген үлкен жауапкершілік. Бізге жанкүйерлеріміз көз тігеді, сондықтан біз өз өнерімізді барынша көрсетіп, қолымыздан келгенін жасауға тиіспіз.

- Керлинг секілді ерекше спорт түріне қалай келдіңіз?

- Бес жыл бұрын бұл спортқа мені тәтем жетелеп алып келді, ол Қазақстанда алғаш болып керлинг ойнай бастағандардың бірі. Ол кезде біздің бас бапкер жастар құрамасын жинақтап жатқан болатын, мен осылайша келдім. Байқап көрдім, маған ұнады, кірісіп кеттім. Керлинг өте қызықты ойын, мұнда тек бұлшық ет күші жеткіліксіз, одан бөлек қисындық ойлау, әдіс, амал талап етіледі.

- Тобыңыздағы әріптестеріңізге үйрендіңіз бе?

- Тобымызда бес адам – төрт негізгі ойыншы мен бір қосымша ойыншы. Тобымыз өте жас, бірге ойнап жатқанымызға бір жылдай болды. Топ басшысы, немесе, біздің сөзімізбен айтқанда, скип ретінде, мен тек бір жыл ғана ойнап жатырмын, сондықтан мен үшін бұл жаңа сезімдер. Бұл менің осындай үлкен сайыстан алғалы отырған алғаш тәжірибем деп айтуға болады. Қыздар да өте жас, кейбірі керлингпен айналыса бастағанына бір жыл ғана, кейбіріне екі жыл ғана болған. Яғни, ең тәжірибелі ойыншы мен болып отырмын. Қыздар тырысып бағуда, мақсат бар, ынтамыз бар, бірақ біз үшін бұл сайыста бастысы – қатысу. Осындай деңгейдегі жарысқа атсалысуымыздың өзі біз үшін үлкен құрмет. Лайықты деңгейде өнер көрсетеміз.

Алматыда өтетін қысқы Универсиадада керлингте медальдардың екі жинағы ортаға салынады.