Құралай Үзірова: «Айза Иманбек үздік ондықтар қатарына ілінеді деп үміттенеміз»

Мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Узурова өз қамқорлығындағы спортшылардың 2017 жылы өзімізде өтетін қысқы Универсиадаға даярлығы турасында айтып берді.

- Бүгінгі таңда бізге барлық жағдай жасалған, себебі екі тамаша алаң – «Халық-Арена» мен «Алматы-Арена» ашылды, біз күніне үш сағаттан жаттығып жүрміз. Спортшылар жиындарға барып, қосымша мамандармен жұмыс жасауда. Құрамымыз анықталды, ерлер арасындағы жеке сырғанауда үш спортшымыз өнер көрсетеді – бұл топ көшбасшысы Денис Тен, Абзал Рақымғалиев және Артур Панихин. Әйелдер арасындаға топ та бекітілген – олар Айза Иманбек, Жансая Адыханова және Вероника Шевелева.

- Біздің мәнерлеп сырғанаушыларымыздың бақталастары жайлы не айта аласыз?

- Қазіргі кезде, әсіресе ерлер және жеке мәнерлеп сырғанаудың қуаттылығы сонша, бізге мәнерлеп сырғанау дамып жатқан барлық елдерден дерлік бақталастар келеді. Бұл Жапония, Қытай, Канада және Ресей.

- Біздің топ көшбасшылары қандай ахуалда?

- Егер Денис Тен туралы айтар болсақ, оның бағдарламалары әрдайым қызықты және терең ойлы, әрқашан екінші тамаша баға. Қазір Денистің бағдарламалары керемет, аса күрделі секірістер, оның бағдарламасында үш төрттік секіріс бар. Ол әрдайым өз сырғанау мәнерімен, бағдарламасын паш етумен ерекшеленеді. Айза Иманбек те өте тартымды мәнерлеп сырғанаушы, оның орындаулары әрқашан ұлттық нақышқа толы, бағдарламасын көргің келіп тұрады. Ол Еуропадағы көптеген мамандарды қызықтырып үлгерді. Оның Еуропадағы Гран-придің екі кезеңіне қатысуынан кейін бағдарламалары туралы көптеген жағымды пікірлер айтылды.

- Универсиаданың жеке дәрежедесінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар неге үміттене алады?

- Әйелдер тобында бізде жас қыздар, әрқайсысы өзінше қызықты, олардың болашағы алда. Олар біздің елді барынша лайықты дәрежеде көрсетіп, финалға шыққанын қалаймыз. Айза Иманбек ондыққа кірсе деп едік, тырысып бақса, оның қолынан келеді. Тек жүйкені тыныштандырып, өз бағдарламасын мүлтіксіз орындап шықса болғаны. Біздің әйелдер құрамымыздың өнері барлығының көңілінен шығады деп сенеміз.

Қысқы Универсиада тарихында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар екі медаль алғанын атап өтейік. 1995 жылы испандық Хакада Марина Халтурина мен Андрей Крюков жұптық сырғанауда «алтынды» қанжығасына байлап, осы жарыста Дмиртий Казарлыга мен Елизавета Стекольникова мұздағы биден қола медальды жеңіп қайтқан болатын.