Оңтүстік астананың «Алматы Арена» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өз мәресіне жетті.
Бұл 2017 жылы Алатау баурайында жалауы желбіретйін қысқы Универсиада қарсаңында ұйымдастырылған тесттік жарыстын үшінші күнінде спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткерлер еркін бағдарлама бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Алғашқы болып мұз айдынына спорт шеберлігіне үміткер қыздар шығып, бірінші орынға 135,21 ұпаймен алматылық Алана Тоқтарова қол жеткізді. Оның қарсыластары Гүлжан Жумадилова 97,10 ұпаймен екінші орынға табан тіреп 96,97 ұпаймен келе жатқан Дария Сиротинаны артқа қалдырды. Ал, ұлдар арасында топты жарып шыққан астаналық Рахат Бралин – 124,59 балл жинап алматылық Всеволод Фил (103,12) мен Илюси Волковтан (94,85) басым түсті.
Өз кезегінде, еркін бағдарламамен өзара мықтыны анықтау үшін спорт шеберлері де әдемі жане көрнекілік билерімен көзге түсті. Көрермендердін ықыласына бөленіп қошеметке ие болған Элизабет Тұрсынбаева 216,46 ұпаймен рекорд қойып алтын медалді жеңіп алды. 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындық үстінде жүрген алматылық спортшы Айза Иманбек пен оның жерлесі Александра Саютина 135,11 мен 123,41 ұпай жинап күміс және қола жүлделерге ие болды.
-Бүгінгі нәтижеме өте ризамын. Себебі өз ұпаймды жаңартып, осы жылғы ен жоғары баллды жинап отырмын. Универсиадаға осы екі бағдарламамен өнер көрсетсем деген ойдамын. Әлі де қосымша өзгерістер болуы мүмкін. Сонын баріне тиянақты дайындық өткізіп жүрмін. Бәрі сәтті өтетін шығар деп үміттенем, – деп Айза Иманбек өз ойымен бөлісті.
Ұлдар арасында бес спорт шебері сынға түсіп, нәтижесінде алтынды 150,48 ұпай көрсеткішімен алматылық Артур Панихин қанжығасына байлап, Қарағанды қаласының қатысушысы Мелис Хакимовты (132,13) және астаналық Никита Маньконы (129,92) қапа қалдырды.
Айта кетсек, бұл біріншілкте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген 80-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысқан болатын. 9-нан 11-ші желтоқсанға дейін созылған үш күндік дода сәтті аяқталды деуге толық негіз бар.
СШҮ, қыздар:
- Алана Токтарова (Алматы) – 135,21
- Гулжан Жумадилова (Алматы) – 97,10
- Дария Сиротина (ОҚО) – 96,97
- Ажар Жумаканова (Алматы) – 96,95
- Злата Резанова (Астана) – 96,32
- Варвара Петрова (Қырғызстан) – 92,51
- Анна Шнайдер (Астана) – 88,97
- Дария Фомина (Алматы) – 84,10
- Сарафима Каширина (Қызылорда) – 79,70
- Милана Садыкова (Астана) – 79,66
- Алика Сарымсакова (Қырғызстан) – 70,73
- Таися Доброкин (Астана) – 70,35
- Василиса Шевченко (Астана) – 66,53
- Наталя Семенова (Қырғызстан) – 66,41
- Милена Ким (Астана) – 66,53
- Яна Андрюхова (Қарағанды) – 66,30
- Марал Даулетбак (Астана) – 62,29
- Айлин Алматкызы (Астана) – 60,19
- Алина Максутская (Павлодар) – 53,47
- Зеутина Карпыкова (Алматы облысы) – 52,35
- Ульяна Быкова (Павлодар) – 46,00
- Дина Мурат (Павлодар) – 44,59
СШҮ, ұлдар:
- Рахат Бралин (Астана) – 124,59
- Всеволод Фил (Алматы) – 103,12
- Илюси Волков (Алматы) – 94,85
- Диас Джиренбаев (Астана) – 91,68
- Жасулан Мажикенов (Қарағанды) – 76,11
- Назар Трещев (Караганда) – 71,84
- Александр Ю (Алматы) – 70,66
- Леонид Михалцев (Қарағанды) – 48,96
СШ, қыздар:
- Элизабет Турсынбаева (Қызылорда) – 216,46
- Айза Иманбек (Алматы) – 135,11
- Александра Саютина (Алматы) – 123,41
- Жансая Адыханова (Алматы) – 99,70
- Анастасия Хван (Алматы) – 99,26
- Вероника Шевелева (Алматы) – 99,02
- Регина Глазман (Алматы) – 90,84
- Элвира Темирова (Қарағанды) – 86,41
- Маргарита Галимова (Қарағанды) – 85,89
- Алина Асауова (Қарағанды) – 83,41
- Александра Нестерова (Кырғызстан) – 82,44
- Алина Сыдыкова (Астана) – 75,88
- Галина Буйко (Астана) – 73,25
- Маргарита Беккел (Астана) – 70,56
- Екатерина Тян (Қарағанды) – 70,31
- Лаура Исмагулова (Кырғызстан) – 69,40
СШ, ұлдар:
- Артур Панихин (Алматы) – 150,48
- Мелис Хакимов (Қарағанды) – 132,13
- Никита Манько (Астана)– 129,92
- Молдияр Есеев (Алматы)– 96,71
- Дияс Нурмет (Астана) – 89,49