Жаңалықтар

Алматыда Универсиада-2017 қарсаңында жеңілдіктер маусымы іске қосылады

28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 іс-шарасын өткізу қарсаңында Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін науқандықұсыныстар іске қосылады. Толығырақ

Иманғали Тасмағамбетов дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу дайындығын тексерді

4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласындағы ауқымды спорттық шараны өткізудегі нысандардың соңғы дайындығын тексеріп, көшпелі кеңес өткізді. Толығырақ

Бауыржан Байбек Алматы әуежайының Универсиадаға дайындығын тексерді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек оңтүстік астана әуе айлағының 2017 жылғы Универсиадаға дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.. Толығырақ

Бізге ұнайды ҚАЗАҚСТАН

Бүгін баспасөз конференциясының барысында тұғырдан шаңғымен секіруден әлем кубогінің әйелдер арасындағы жеңімпаздары: жапониялық Сара Таканаши, австриялық Даниэла Ирашко-Штольц, словениялық Майя Втич өткен жарыс туралы өз ойларымен бөлісті. Баспасөз конференциясына 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясының басшысы Әсет Әбдуалиев те қатысты Толығырақ

«Алматы Аренада» мерекелік шара өтеді

18 қыркүйекте қала күні мерекесіне орай «Алматы Арена» мұз сарайында ЮНЕСКО-ның, бауырлас қалалар мене өзге де делегациялар өкілдерінің қатысуымен «Алматының 25 шыңы» атты мәдени шара өтеді. Толығырақ

Қазақстандық керлингшілер 2017 жылғы Қысқы универсиадаға дайындықтың қорытынды кезеңіне кірісті

Қазақстанның керлинг бойынша құрамасы 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындығын жалғастыруда. Қазақстандық керлингшілер қараша айында Оңтүстік Кореяда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, Тынық мұхиты-Азия ойындарында өнер көрсетіп қайтты. Құрама Қысқы универсиадаға дайындығының қорытынды кезеңін Алматыда өткізуде. Толығырақ

Қысқы Универсиада-2017 ойындарында мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсететін Қазақстан құрамасының ақырғы тізімі анықталды

Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша құрамасының бас бапкері Құралай Үзірова Алматыдағы Дүниежүзілік универсиадаға қатысатын құраманың ақырғы тізімін анықтады. Қазақстан чемпионатының қорытындысында әйелдер командасында бос тұрған екі орынға қатысты мәселе жабылды. Толығырақ